FAQ


«SMART» жиі қойылатын сұрақтар:

«SMART» дегеніміз не? «SMART» бонустық бағдарламасы — мобильді бірліктер түрінде жағымды бонустар таба отырып, өз қалаңыздағы өзекті ұсыныстар туралы ақпараттық хабарламалар (SMS, USSD, IVR) алуға және сауалнамаларға қатысуға мүмкіндік беретін бірегей сервис.

Кім «SMART» қатысушысы бола алады? «SMART» бонустық бағдарламасы барлық activ Абоненттеріне қолжетімді.

Қалай «SMART» қатысушысы болуға болады? *555*1#OK USSD-тіркесін теріп немесе *555#OK USSD-мəзірі арқылы «SMART» бонустық бағдарламасына қосылуға болады.

Бұл маған не үшін қажет? Тиімді науқандарды біліп, өзекті ұсыныстар алу үшін.

Бұл тегін бе? Иә, «SMART» — тегін сервис. «SMART» бонустық бағдарламасына жазылып, ай сайын бонустар да ала аласыз.

Бонустар қалай беріледі? Бонустық бірліктер *555*00#OK USSD-тіркесіарқылықосқаннанкейінберіледі.

Бонустардың жарамдылық мерзімі қандай? Бонустар *555*00#OK пәрмені бойынша оларды қосқан мезеттен бастап 7 (жеті) күнішінде жарамды. Осы мерзім біткеннен кейін, жұмсалмаған бонустар жойылып, оларды əрі қарай пайдалану мүмкін емес. Жойылған бонустар қалпына келтірілмейді жəне келесі кезеңге өтпейді. «SMART» бонустық бағдарламасын сөндіргенде, бонустар жойылады.

Тарифтік жоспарды ауыстырғанда, бонустар сақтала ма? Ия, сақталады.

Бонустарды неге жұмсай аламын? Бонустық бірліктерді activ, Kcell желісі ішінде ғана қоңыраулар мен SMS-хабарламаларға жəне де интернетке беріледі жəне айына бір рет іске қосылады. Бонустарды роумингте, халықаралық қоңыраулар шалуға пайдалануға болмайды жəне де басқа абоненттерге беруге болмайды.

Бонустарды қалай іске қосамыз? *555*1#OK теріп, «SMART» бонустық бағдарламасына қосылу қажет, одан кейін *555*00#OK пәрмені бойынша 7 күнге интернет-трафикке, желі ішінде SMS-пен қоңырауларға 500 бірлік мөлшерінде бонусты іске қосу қажет. Теңгерім мен бонустың қалдығын тексеру *111*3#OK.

Бұл СПАМ емес пе? Спамның негізгі белгісі абоненттің (алушының) хабарламаға алдын ала тапсырыс бермегендігі болып табылады. «SMART» бонустық бағдарламасының аясында сіз біздің серіктестеріміздің қызметтері мен тауарлары туралы ақпараттық хабарламалар алуға және сауалнамаларға қатысуға келісіміңізді бересіз. Сонымен қатар, біз Сіз үшін өзекті хабарламаларды ғана жолдауға тырысамыз.

Менің нөмірім үшінші тұлғаларға беріле ме? Сіздің нөміріңіз ешкімге берілмейді.

Ақпараттық құлақтандырулар қай уақытта келеді? Ақпараттық құлақтандырулар Астана уақытымен сағат 10:00 — 21:00 аралығында келеді.

SMS алудан бас тарта алам ба? *555*2# USSD-тіркесін теріп, кез келген уақытта «SMART» сервисіне жазылудан шыға аласыз.

Осы жерде менің сұрағыма жауап болмаса, не істеймін? Сіз ұялы телефоннан 3030 қысқа нөміріне немесе 8 (727) 258-83-00 қалалық нөміріне тəулік бойы демалыссыз қоңырау шала аласыз.