Шарттары


Бонустарды пайдалану шарттары мен ережелері

Сипаттама

«SMART» бонустық бағдарламасы — activабоненттеріне өзекті ұсыныстармен ақпараттық хабарламаларды алғаны және зерттеулерге (сауалнамаларға) қатысқаны үшін мобильді бірліктер түрінде жағымды бонустар берілетін тегін сервис.

Қосылу

«SMART» тегін бонустық бағдарламасына USSD-тіркесін *555*1#OK теріп немесеUSSD-мəзірі *555#OK арқылы қосылуға болады.

Бонусты қосу

7 күнге интернет-трафикке, желі ішіндегі қоңыраулар мен SMS-ке 500 бірлік мөлшеріндегі бонусты *555*00#OK USSD тіркесін теру арқылы қосуға болады.

Сөндіру

«SMART» тегін бонустық бағдарламасынан USSD-тіркесін *555*2#OK теріп немесеUSSD- мəзірі *555#OK арқылы шығуға болады.

Бонустық бірліктерді пайдалану шарттары мен тəртібі

  • Серіктестердің ұсыныстары туралы Абоненттерге хабарлау, зерттеулерге (сауалнамаларға) қатысу SMS-хабарламалар, USSD қоса, қоңырау шалып шығу немесе бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру және (немесе) абоненттерге қызмет көрсету орындарында ақпарат орналастыру арқылы ұялы байланыс операторының барлық қолжетімді тәсілдерімен жүзеге асырылады.
  • Қызмет аясында Абонентке жолданатын серіктестердің қызметтері мен тауарлары туралы ақпараттық хабарламалардың (қоңыраулар жəне/немесе SMS, USSD) еңкөп саны айына 10 хабарламадан аспайды. Сауалнамалардың ең көп саны айына 2-ден (екеуден) аспайды. Бонустық бірліктер *555*00#OK USSD-тіркесі бойынша қызметті іске қосу арқылы беріледі және қосқаннан кейін 7 күн ішінде жарамды болады.
  • Бонустық бірліктердің жарамдылық мерзімі — абонент оларды қосқаннан кейін, 7 (жеті) күн ішінде. Осы мерзім біткеннен кейін, қосылған және пайдаланылмаған бонустық бірліктер жойылады жəне оларды əрі қарай пайдалану мүмкін емес.
  • Абонент берілген бонустық бірліктерді олар берілгеннен кейін 30 күн ішінде іске қосуы тиіс, əйтпесе берілген бонустық бірліктер жойылады.
  • Бонустық бірліктер activ/ Кcellжелісі ішінде қоңыраулар мен SMS-хабарламаларға жəне де интернетке ғана беріледі жəне айына бір рет қосылады. Бонустық бірліктер *555*00#OK USSD-тіркесі арқылы қосқаннан кейін беріледі.
  • Бонустар роумингте, халықаралық қоңырауларға қолданылмайды, «Мобильді көмек» қызметін қолданумен бірге, басқа абонеттерге беруге болмайды. Егер Абонент «SMART» бонустық бағдарламасынан шықса, онда бонустық бірліктер берілмейді. Оператор өз қалауы бойынша қосымша бонустар бере алады, осы туралы ақпарат «SMART» бонустық бағдарламасының сайтында көрсетіледі. «SMART» бонустық бағдарламасы activeабоненттері үшін ғана қолжетімді. Абонентте Абонент пайдаланатын тарифтік жоспарлардың аясында Абонентке қолжетімді қосылған қосымша қызметтер немесе науқандар болса жəне де Компанияға адалдық бағдарламаларының ясында Абоненттерге қайтарымсыз берілетін бонустық топтамалардан кейін, ең алдымен жарамдылық мерзімі аз бонустық бірліктер жұмсалады.
  • Егер абонентте келесілерді қоса, бірақ олармен шектелмейтін, қызметтердің бонустық көлемін ұсыну шарты бар тарифтік жоспар қосылған болса: «Барлығы бәрі үшін Start», «Барлығы бәрі үшін», «Барлығы бәрі үшін +», «Барлығы бірге S», «Барлығы бірге M», «Барлығы бірге L», «Хит +», «Барлығы бірге 49», «Активті Light», «Активті Start», «Активті Drive», «Активті Boom», «Активті Pro», «Активті Mini», «Алло, Қазақстан Start», «Алло, Қазақстан XS», «Алло, Қазақстан S», «Алло, Қазақстан M», «Алло, Қазақстан L», «Алло, Қазақстан XL», «Алло, Алло, Қазақстан¹», «Алло, Қазақстан²» немесе «Алло, Қазақстан3», «Сұхбат», Сұхбат+, Комфорт+, Апта+ , онда ең алдымен аталған тарифтік жоспарлар бойынша бонустық көлем жұмсалады.
  • «Лимитсіз интернет», «Жылдық интернет», «Жарты жылдық интернет», «Тоқсандық интернет» қоса, бірақ олармен шектелмей, көлемі бойынша шексіз интернет-трафикті ұсынатын және кіру жылдамдығын азайтатын қосымша интернет қызметтер болса, Бағдарлама бойынша бонустық бірліктер нөмірдегі қосымша интернет қызметтерді сөндіргенге дейін, жұмсалмайды.
  • Абонентте «Интернет+», «Мобильді интернет плюс», «Онлайн» қосымша интернет қызметтері болса, ең алдымен қосымша интернет қызметтер бойынша трафик, одан кейін Бағдарлама бойынша бонустық бірліктер жұмсалады.
  • Абонентте «Лимитсіз түнгі интернет» қызметі болса, «Лимитсіз түнгі интернет» қызметі бойынша абонтөлем алынған жағдайда, Бағдарлама бойынша бонустық бірліктер Астана қ. уақытымен түнгі сағат 01:00-ден таңғы 09:00-ге дейін жұмсалмайды.
  • Абонентте «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша Қызметтердің науқандық топтамасы және тағыс басқа ұқсас науқандар болса, ең алдымен қызметтердің науқандық топтамасы бойынша трафик, одан кейін Бағдарлама бойынша бонустық бірліктер жұмсалады.
  • Абонентке басқа бонустық/науқандық ұсыныстар бойынша ұқсас мазмұндағы науқандық бірліктер/бонустар берілгенде, ең алдымен жарамдылық мерзімі аз науқандық бірліктер/бонустар жұмсалады, сонымен бірге, ең алдымен минуттар, смс немесе МВ түрінде бонустар жұмсалады, екінші кезекте науқандық бірліктер жұмсалады.

Ерекше шарттар

Абонент «SMART» Бонустық бағдарламасына қосылғанға дейін, осы Шарттармен танысуға міндетті. «SMART» бонустық бағдарламасына қосылып, Абонент Сервисті ұсынудың осы Шарттарымен танысқандығын жəне келісімін растайды.

«SMART» бонустық бағдарламасына қосыла отырып, Абонент Компания серіктестерінің жарнамалық сипаттағы ақпараттық хабарламаларын алуға, Компания серіктестерінің өтінімдері бойынша жүргізілетін сауалнама мен зерттеулердің SMS және басқа түрлеріне қатысуға, соның ішінде дауыстық қоңырауларды алуға (зерттеулер/есептер нәтижелерінің иесі көрсетілмейді) өз келісімін береді. Сервиске қосыла отырып, Абонент сондай-ақ Бонустық бағдарламаға қатысу мақсатында өзінің дербес деректерін өңдеуге келісімін береді. Абонент жоғарыда көрсетілген келісімдер «SMART» Бонустық бағдарламасына қосылған мезеттен бастап одан бас тартқанға дейінгі барлық уақытта жарамды екендігімен келіседі жəне растайды.

Оператор «SMART» Бонустық бағдарламасы сайтында осы ақпаратты жаңарту арқылы осы Шарттарды өзгерте немесе толықтыра алады.